CONDITIONALS

18.04.2023  шетел тілдері және аударма ісі БББ оқытушы-дәріскері А.К. Токтанова «Аударма ісі»-112 тобымен «Conditionals» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа аталған топтың барлық студенттері (18) қатысты. Ашық сабақ жеке жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Ашық сабақта жаңа технологиялар (Google Docs, Padlet қосымшалары) кеңінен қолданылып, студенттер аса жоғары белсенділікпен қатысты. Сабақта оқытудың 4 дағдысы (reading, speaking, writing, listening,) бойынша жаттығулар мен әдістемелер ұйымдастырылды. Сабақ тақырыбына сәйкес, шынайы өмірмен байланысты мысалдар келтірілді.  Ашық сабақ өз мақсатына жетті.