НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

20.04.2023  шетел тілдері және аударма ісі БББ оқытушы-дәріскері, «Аударма ісі»-111 тобының кураторы  А.К. Токтанова топпен «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кураторлық сағатын өткізді.  Кураторлық сағат сайыс формасында өткізілді. Студенттер  нашақорлыққа байланысты қоғамды жайлаған проблемаларды анықтап, оны шешу жолдарын өз презентациялары арқылы ұсынды. Топ бойынша Хамитова Аружан мен Тұңғышбайқызы Аяулымның презентациясы ең үздік деп танылды. Аталған презентацияда студенттер қоғамды жайлаған нашақорлық мәселесін кеңінен талқылап, сол проблемаларды шешу үшін бірқатар жаңашыл идеялар ұсынды. Сонымен қатар, топтың басқа студенттері де заманауи технологияларды қолдана отырып, бірегей идеялар ұсынып, презентацияларын жоғары деңгейде жасауға тырысты.