ТІЛІМ-ТІРЛІГІМ

25.04.2023 жылы «Тілім-тірлігім» тақырыбында  «Қазақ тілі» пәні бойынша   1-курс ППр111, ДВр111, РЯЛ111, РЯЛняо112, ИЯр111, ПДр111, ФУр111  топтарында қорытынды сабақ өтті. Топ болып жұмыс жасады. Сабақ бірнеше кезеңдерден тұрды: тақырыптар бойынша сұрақтар, мәтіндермен жұмыс, стиль түрлерін табу, афоризмдерді, ақындардың өлеңдерін жатқа оқу, «Қазақ тілі»  тақырыбында постер қорғау. Студенттер жыл бойы  үйренгендерін ортаға салды. Сабақтың қызықты өтуіне белсенділік танытып, пән оқытушысы Г.С.Сулейменоваға студенттер «алғыс» айтып, сабақты қорытындылады.