СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Гуманитарлық жоғары мектебінің шетел тілдері және аударма ісі БББ оқытушысы, ИЯр-111,112 тобының кураторы Мусабаева Алия Нурланбековнаның  ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында семинар өткізілді. Аталған шараға Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебінің деканы, ф.ғ.к. Рысбеков Қадыр Қойшыбекұлы, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басшысы, з.ғ.к,  қауымдастырылған профессор Бейсов Ербол Жаксыбекұлы, Жетісу университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің мүшесі, комплаенс-офицері Тлеубаев Азамат Болатович, 1 курс студенттері және оқытушылар қатысты. Семинар барысында жемқорлықтың зияны талқыланып, онымен курес жолдары ұсынылды. Келген қонақтар белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Сарқы Муслим мен Бауыржанова Аминаның жемқорлыққа қатысты жобалары ұсынылды. Өткізілген семинар қатысушыларға сыбайлас жемқорлық мәселесін жақсырақ түсінуге көмектесті және оларды өз елінде және жалпы әлемде оны жеңу үшін шаралар қабылдауға шабыттандырды деп үміттенеміз.