АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ

2023 жылғы 25 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Адамзаттың Абайы» атты әлем тілдеріндегі әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби-сазды кеш қазақ, ағылшын, түрік, корей, қытай, неміс тілдерінде өтуімен ерекшеленді. Яғни, Абай әндері, өлеңдері әлем тілдерінде орындалды. Он жетінші қара сөз ағылшын тілінде сахналанды. Сонымен қатар жоғарыда аталған ұлттардың биі де әдеби кештің сәнін кіргізді. Сахна мен көрермендер арасында байланыс орнатылып, әр тілде Абайға қатысты сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Әдеби-сазды кештің рухани-танымдық мәні зор болды. Сахна төріне шыққан білімгерлер де, көрермендер де ерекше шабыт алды. Ұлы ақынды ұлықтаған күн болды.