РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

20-21.04.2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультетінің ұйымдастыруымен В037 «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға        Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университтеті, Жетісу университеті қатысты.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен «6В02302-Филология» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенттері Мадет Ернұр, Баксикова Карлыгаш, Амрахун Аяжан респуликалық олимпиадаға барып, бақтарын сынап қайтты. Республикалық олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін Мадет Ернұр І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Сулейменова Гульмира Саятовнаға «Алғыс хат»  табысталып, жарысқа қатысқандары үшін сертификат берілді.

Студенттерді республикалық пәндік  олимпиадаға дайындап, көмек көрсеткен  оқытушылар Л.А.Чалтикенова, Қ.Б.Сарбасова және  Г.Шүкенайға алғысымыз шексіз.