Хабарландыру

Құрметті Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлері!

ERASMUS+ KA171 SMS in (ICM) бағдарламасының демеушілігімен Кадис Университетінде (Испания) оқуға немесе тағылымдамадан өтуге өтінімдерді қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлаймыз. Оқу / тағылымдама 2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде басталады. Қатысуға English Studies (оқу) білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат білім алушылары қатыса алады; қатысуға барлық бағыттар бойынша магистранттар мен докторанттар да жіберіледі.

Бағдарламаға қатысу критерийлері:

1. Ағылшын тілінің деңгейі B2 және одан жоғары;

Erasmus + бағдарламасы шетелде мәдениетаралық тәжірибе жинақтауға, басқа жоғары білім беру жүйелерімен танысуға және басқа елдердің жастарымен танысуға мүмкіндік береді, осылайша халықаралық интеграция процесіне өз үлесін қосады.

Бұл бағдарламаның мерзімі-2023 жылғы 5 мамыр.

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы табуға болады – https://internacional.uca.es/23-24-erasmus-ka171-sms-in/.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығына (+7 (7282) 40-10-19; бас корпус, 309 кабинет) хабарласуларыңызды сұраймыз.