Кездесу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауылдық квота бойынша аяқтайтын бакалавриат түлектеріне жұмысқа дербес бөлу шарасын өткізеді. Жиын бейне байланыс арқылы педагогика және психология, құқық және экономика жоғары мектебінің түлектеріне 15 маусым сағат 11:00-де, техникалық ғылымдар жоғары мектебін бітірушілер үшін сағат 16:00-де ұйымдастырылады. Кездесу жаратылыстану жоғары мектебінің түлектеріне 16 маусым сағат 11:00-де, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебін аяқтаушылар үшін 15:00-де және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебін бітірушілермен 16:00-де өтеді.