Курс

Математиктерге арналған біліктілікті арттыру курсы

2023 жылғы 2-13 мамыр аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының базасында «Математикалық пәндерден өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жоба әдісін қолдану» тақырыбында 36 сағаттық курс өтті. Курсты 8D01501-«Математика» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Айжан Құмарбекқызы Қойшыбекова өткізді. Біліктілікті арттыру бағдарламасы докторанттың диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша әзірленген.

Бағдарламаның мақсаты: ЖОО-да математикалық пәндерді оқытуды ұйымдастыруда «жоба әдісін» қолдану арқылы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Курсқа университет оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты. Курстың тындармандарына А.К.Койшыбекова жобаны қалай ұйымдастыруға және құрылымдауға, жобаны басқару үшін қандай құралдарды қолдануға, тапсырмаларды қалай тұжырымдауға, талдауға және жұмыс нәтижелерін қалай бағалауға болатынын үйретті.