Семинар

2023 жылғы 23 маусымда Лунд университетінен (Швеция) шақырылған ғалым, зерттеуші Шерзод Ералиев Жетісу университетінің жас ғалымдары мен докторанттарына «Жыртқыш журналдарда жарияланудан қалай құтылуға болады» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға қатысушылар «жыртқыш журналдар» ұғымымен, оларды тану тәсілімен және оппортунистік баспалардың негізгі белгілерімен және жыртқыш журналдарда жариялау ғалымның беделіне қалай зиян тигізетіндігімен танысты. Тыңдаушылар беделді баспаларды жыртқыш журналдардан қалай ажыратуға болады, «алтын ашық қол жетімділік» деген не және басқа да сұрақтарға жауап алды.