PISA зерттеулері аясында мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту әдістемесін әзірлеу (2023-2025)

           PISA-2021 бағдарламасының тұжырымдамасы контекстінде бағалау және оқыу есептері мен оларға арналған тапсырмаларды құрастыру әдістемесін, студенттерді осы міндеттерді шешуге үйрету әдістемесін әзірлеу болып табылады. Бұл жоба ЭЫДҰ бағдарламасының «Білім мен дағдының болашағы: Білім 2030» тұжырымдамасы аясында мектеп оқушыларының білімі мен ойлау қабілетін дамыту мәселелерін зерттеуге бағытталған.

Жобаның мақсаты:

Мектеп оқушыларын практикалық бағытталған есептерді шешуге үйретудің әдістемелік негіздерін әзірлеу, PISA зерттеулері негізінде олардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Бұл жоба келесі мәселелерді ғылыми зерттеуге және шешуге бағытталған:

– ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) бағдарламасының «Білім мен дағдының болашағы: Білім беру 2030» тұжырымдамасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарына мазмұнды талдау жүргізу;

– мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту аясында математика пәні мұғалімдерінің жұмыс тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жүргізу;

– мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту тұрғысында математика оқулықтарына мазмұнды талдау жүргізу;

– PISA-2021 бағдарламасының тұжырымдамасы контекстінде мектеп оқушыларын практикалық бағытталған есептерді шешуге үйретуде туындайтын проблемаларды анықтау мақсатында эксперименталды зерттеу жүргізу;

– PISA-2021 бағдарламалық тұжырымдамасында анықталған ойлау дағдыларын практикаға бағытталған тапсырма түрлерімен сәйкестендіру;

– PISA-2021 бағдарламасының  тұжырымдамасы контекстінде мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру белгілерін анықтау;

– PISA емтихан тапсырмалары контекстінде практикалық  бағытталған есептерді бағалау-оқыту тапсырмаларына сай әдістемесін әзірлеу;

– 21 ғасырда қалыптасатын ойлау дағдыларымен сәйкес келетін әртүрлі типтегі бағалау-оқыту тапсырмалары мен есептерді әзірлеу;

– PISA-2021 бағдарламасының тұжырымдамасы контекстінде мектеп оқушыларын практикалық бағытталған есптерді шешуге үйретудің инновациялық әдісін таңдау (немесе әзірлеу, немесе өзгерту);

– оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау шеңберінде PISA тапсырмаларын шешуді мектеп оқушыларына оқыту нәтижелерін педагогикалық өлшеу әдістемесін әзірлеуде;

– PISA-2021 бағдарламасының тұжырымдамасы контекстінде математикалық есептер мен тапсырмаларды шешуге мектеп оқушыларын оқыту әдістемесін математика мұғалімдерін оқыту;

– 15 жастағы мектеп оқушыларын PISA тапсырмаларын шешуге үйретудің әзірленген әдістемесінің тиімділігін анықтау  бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізу;

– жүргізілген эксперименттік зерттеу  нәтижелерін  математикалық өңдеу;

– жүргізілген пилоттық зерттеу нәтижелерін жалпылау, қорытындылар мен  ұсыныстар әзірлеу.

Өзектілігі. Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары PISA бағдарламасы бойынша білім мен дағдыларды халықаралық бағалауға 2009 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Бұл емтихандардың нәтижелері Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту және қалыптастыру мәселесін анықтады. Бұл мәселені шешу тәсілдерінің жеткіліксіз дамуы ғылыми жоба тақырыбының өзектілігін анықтады.

Жобаның ғылыми жетекшісі:

Нұрғабыл Дүйсебек Нұрғабылұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,  І.Жансүгіров атындағы  Жетісу университеті.

Зерттеу тобының мүшелері:

  1. Сейітова Сабыркүл Мақашевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  2. Қағазбаева Әспет Кеңесбекқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  3. Гаврилова Екатерина Николаевна – PhD докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  4. Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы – докторант, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  5. Сәтқұлов Бақтияр Бағланұлы – докторант, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  6.  Нұрпейісов Қуаныш Сайлаубайұлы – магистр, оқытушы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  7. Шәкен Марат Манатұлы – магистр, ұстаз, Назарбаев Зияткерлік мектебі

 2018 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде жобаны орындаушылардың негізгі жарияланымдарының тізімі

  1. Duisebek Nurgabyl, Uaisov A.B Asymptotic behavior of the solution of a singularly perturbed general boundary value problem with boundary jumps // Numerical Methods Partial Differential Equations. –2021. Volume 37, Number 3, pp. 2375-2392. DOI:10.1002 / num. 22719 (За 2020 год: в базе данных WoS: Quartile –Q1).
  2. Duisebek Nurgabyl, Seitova T.M. Introducing method of generalized derivative concept in mathematics // News of the national Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Physico-mathematical series. -2020 -Volume 2, Number 330, pp. 120 – 126. doi.org/10.32014/2020.2518-1726.23. (За 2021 год:  в базе данных WoS, Quartile – Q3).
  3. K.Zabieva, S.Seitova, R.Tasbolatova, Ye. Andasbayev ect. Methodology for using web technologies to develop the intellectual abilities of future mathematics teachers // Thinking Skills and Creativity» (Netherlands), ISSN 1871-1871, 2021. – Vol. 41, Article number 100904 р.1-16 (За 2020 год: CiteScore  – 5,0, процентиль по образованию – 93.) Quartile – Q2, DOI:10.1016/j.tsc.2021.100904
  4. D. Toibazarov, S.Seitova The role of applied problems in the training of future mathematics teachers in the 21st // Thinking Skills and Creativity» (Netherlands), ISSN 1871-1871, 2021. – Vol. 41, Article number 100945 р.1-16 (За 2020 год:  CiteScore  – 5,0, процентиль по образованию – 93.) Quartile – Q1 DOI:10.1016/j.tsc.2021.100945
  5. Қағазбаева Ә.К. Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Ә. К. Қағазбаева. – Алматы : Отан баспасы, 2018. – 92 бет. (Шифр 22.1я73/Қ44-454373274).
  6. Gavrilova, Y.N.Seitova, S.M.Kozhasheva, G.O. Tasbolatova R.,.Kydyrbaeva, G.T. Study results for methodological training of teachers of mathematics in conditions of innovation. – Periodico Tche Quimica,  2020, 17(35),  pp. 391–403. URL: https://www.tchequimica.com/consultaen.php (За 2019 год: SiteScore- 1,5, Процентиль по образованию – 58%, Quartile – Q3).
  7. Нурпеисов К.С., Нургабыл Д.Н. Проектирование процесса обучения студентов построению плоских сечений многогранников // Вестник КазНУ им Аль-Фараби, серия педагогика -2021, №4(69).- С.138-154. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.13 КОКСНВО
  8. Нурпеисов К.С., Нургабыл Д.Н. Построения сечений многогранников методом следов // Вестник КазНПУ им. Абая, серия физико-математических наук, -2019, №4.-С.86-92. КОКСНВО
  9. Жайлаубаева Н.Н., Нургабыл Д.Н. Формирование междисциплинарных знаний у будущих учителей математики посредством построения дифференциальных моделей // Вестник Торайгыров университета, серия педагогическая. -2022.- № 3. –С.134-145. https://doi.org/10.48081/YYZJ7890. КОКСНВО
  10. Жайлаубаева Н.Н., Нургабыл Д.Н. Обучающий алгоритм составления дифференциальных моделей в контексте формирования междисциплинарных знаний // Вестник КазНПУ им Абая, серия педагогика -2022, 74(2). -С.144-154. https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5496.16. КОКСНВО
  11. Шакен М.М., Нургабыл Д.Н. Моделирование формативного оценивания учебных достижений учащихся // Вестник КазНацЖенПУ -2020, №4.-С.16-24. КОКСОН
  12. Шакен М.М., Нургабыл Д.Н Сағат А.Б.Блум таксномиясы негізінде оқушы білімін бағалаудың кейбір өзекті мәселелері // Қазақ білім академиясының баяндамалары №2, 2020, С. 161-170. КОКСОН