Семинар

14 қыркүйек 2023 жылы ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің сарапшысы А. Камбарова ПОҚ және әлеуетті жоба жетекшілері үшін оқыту семинарын өткізді. Семинардың тақырыбы: «Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas ğalym» конкурсына өтінім ресімдеу және беру» (ЖОО ішіндегі конкурс). Семинар барысында, конкурсқа өтінім даярлау кезіндегі жиі кездесетін қателіктер мен нюанстары және конкурс ережелеріндегі өзгерістер талқыланды.