«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ» ОРАЙ  ТІЛДЕР АПТАЛЫҒЫ

18.09.-22.09.2023 Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Шетел тілдері және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне» орай  Тілдер апталығы өтуде. Білім беру бағдарламаның оқытушылары –  Шыныбекова Айжан Сахановна, Мұсабаева Алия Нұрланбековна мен Тұрабай Гүлдана Келісқызы және ШТҚ 412, ИЯР 411,  АІ 311 мен АІ 212 білімгерлері өз тілімізге, өз елімізге құрмет көрсету мақсатында  апталық іс-шараның ашылуын қазақ тілінен бастады. Білімгерлер қазақи нағыштағы киімдерді киіп, қазақ әнін орындап университет оқытушыларын мен білімгерлерін «Дәмді сұрақтар» атты викторинамен қарсы алды. Сонымен қатар, университет білімгерлері  «Kahoot Time» ойынына қатысты. Жүлделі орындарға  Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің студенттері ие болды.