Еңбекпен жеткен мұратқа, ұстаздың жолы – дара жол!

Физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының қалыптасуына өзіндік үлесін қосып, университетімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасаған, шәкірттерін биік шыңдарды бағындыруға жетелеген ардақты профессор-оқытушылардың құрметіне жаратылыстану жоғары мектебінде «Еңбекпен жеткен мұратқа, ұстаздың жолы – дара жол!» атты мерекелік кездесу кеші өткізілді.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы ыстық ықыласқа толы кездесу барысында үлгі боларлықтай ұстаздық дара жолын қалыптастыра білген профессор-оқытушылар құрамы естеліктерімен бөлісті.