«Әлеуметтік желілер және жастардың рухани қауіпсіздігі»

2023 жылдың 16 қарашасында Жаратылыстану жоғары мектебі, «Биология» мамандығының 4 курс білімгерлерімен топ кураторы Т.К.Укушева – «Әлеуметтік желілер және жастардың рухани қауіпсіздігі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс шараның мақсаты: Білімгерлер, жастар — біздің болашағымыз. Сондықтан да жасөсіпірім тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Қалай болғанда да әлеуметтік желінің пайдасы да, зияны да бар. Әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану үшін жастарға ата-ана, білім беру мекемелері, қоғам болып дұрыс бағыт бағдар беруі тиіс. Ол үшін жастардың бос уақыттарын қалай өткізетіндігін анықтау; жаһандық Интернет желісін қолданушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгешеліктерін анықтау; пайдаланушылардың әлеуметтік желі ұғымы бойынша түсініктерін зерттеу; азаматтар қандай мақсаттармен әлеуметтік желілерді пайдаланатындығын сараптау; пайдаланушылардың демалыс уақытын ұйымдастырудағы әлеуметтік желілердің беретін көмегін айқындау; желідегі қарым-қатынас шын тілдесуге лайықты өзгерістері мүмкіндіктерін анықтау; әлеуметтік желілерде кеңінен таралатын әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды зерттеу; әлеуметтік желілерде таратылып жатқан нормалар мен құндылықтардың ықпалын айқындау бағытындағы жұмыстарды жетілдіріп, жандандыру қажет.