Семинар тренинг

Скопус базасындағы журналдарға мақалалар жариялау

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының ұйымдастырумен студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, профессорлық оқытушы құрамға  «Scopus және Менделей арқылы әдеби шолуға материал дайындау, мақала жариялау үшін журналды іздеу, және әдебиеттер тізімін құрастыру және редакциялау» тақырыбында семинар тренинг өтті. Семинар тренинг спикері: Elsevier компаниясының Орталық Азия аймағы елдеріндегі ресми өкілі Айжан Салимжанова. Спикер  қатысушыларға өз мамандығы бойынша танымал тақырыпты табуға арналған Elsevier құралдары, Scopus жүйесіндегі журнал өлшемдері, CiteScore процентильдері және квартилдері, мақалаларды тегін жариялау жолдары, Scopus арқылы ынтымақтастық құруды іздеу құралдары, зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік эдвайзерлерді іздеудің құралдары мен әдістері, әдебиеттер тізімін автоматты түрде пішімдеу, толық мәтінді мақалаларды пайдалану, жариялау этикасы, SDG саласындағы зерттеулерді табу үшін Scopus құралдары, SDG саласындағы зерттеулерді талдауға арналған Elsevier және RELX құралдары бойынша баяндалды. Семинарға қатысқандарға  сертификат берілді.