Дәріс

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің білім алып, тәжірибе алмасуы оң нәтиже беріп келеді. Осындай игі қарым-қатынас «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен» жасалды. Аталған оқу ордасының беделді қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының аға оқытушы Рожков Александр Викторович «Современные технологии связей с общественностью» пәні бойынша 6B03201 «Журналистика» білім беру бағдарламасының 4 курс бакалаврына дәріс оқыды. 2023 жылдың 19 қазаны мен 6 қараша аралығында білімгерлер журналистика саласында ұзақ жыл еңбек еткен маманның тәлім-тәжірибесінен сусындап, ұстаздың ұлағатына тәнті болды. 45 сағаттық дәрістен студенттердің түйгені – көп, өнегесі – терең.