Педагогика және психология жоғары мектебінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда «Рухани құндылықтар және ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жастар жан-жақты білім алумен бірге, өзін-өзі жетілдіруге тұрақты түрде талпынатын, рухани тұрғыда дамыған, толыққанды тұлға болып қалыптасуы тиіс. Білім беру жүйесінде тәрбие беру ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Жастардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытып, зиянды әдеттер (нашақорлық, ішімдік) туралы білімдерін тереңдету және оларды салауатты өмір салтына және имандылыққа тәрбиелеу. Шара осы мақсатты көздейді.
Іс-шараға арнайы мамандар шақырылды: Жетісу облысының және облыстық «Иман» мешітінің наиб имамы Усманов Нұрлан Жұманұлы, Жетісу облысы психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Молдаханов Еркебұлан Серикович және Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Искакова Меруерт Сеитовна.
Дөңгелек үстелде жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру, құқық бұзушылықтың, зиянды әдеттердің (нашақорлық, ішімдік) алдын-алу өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жайлы айтылды.