Квест-ойын

25-26 қаңтар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қабырғасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қолдауымен «AntiParaCraft-2024″сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойыны өткізілді. Квест ойыны 5 кезеңде (пікірталас, эссе байқауы, бейнероликтер байқауы, брейн-ринг және капитандар сайысы) 25-26 қаңтар аралығында өтті. Квестке университеттің жоғары мектептерінің 1 курс білімгерлері қатысты.

Қатысушылар білімде, ақылдылықта, тапқырлықта және шығармашылықта бақ сынасты. Қазылар алқасы сонымен қатар білім алушылардың қатысуын, хабардарлығын және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға үлес қосуға және қоғамның өзекті мәселелерімен күресуге деген ұмтылысын бағалады. Квест-ойынды университеттің Комплаенс-қызметі, » Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі, Әлеуметтік-шығармашылық жұмыс жөніндегі бөлімі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қолдауымен ұйымдастырды. Квест қазылар алқасына превенция басқармасының офицері Мақпал Бекқұлова қатысты. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін нығайту, зияткерлік ойындар арқылы жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесін жетілдіру мақсатында өткізіледі.