«Мектепті басқарудың құрылымы: басқарудың психологиялық ерекшеліктері және өзгерістерге бейімділік» тақырыбында магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік семинар

2024 жылдың 15 ақпанында Педагогика және психология жоғары мектебінде «Мектепті басқарудың құрылымы: басқарудың психологиялық ерекшеліктері және өзгерістерге бейімділік» тақырыбында магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік семинар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.

Педагогика және психология жоғары мектебінің деканы, философия ғылымдарының докторы (PhD) Ерлан Сеилханұлы Хаймулданов кіріспе сөз сөйлеп, семинарды ашты.  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімінің бас әдіскері Индира Қойшыбекқызы Нысанбаева да шақырылды. Семинар модераторы философия ғылымдарының докторы (PhD) Шакирова Арайлы Дәлелқызы болды.

Семинар спикерлері:

– Есимбекова Асылжан Омарқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары;

– Шакирова Арайлы Дәлелқызы, философия ғылымдарының докторы (PhD), оқу және тәрбие жұмысының үйлестірушісі;

1 курс магистранттары арасында:

– Кунтуганова Динара Кайсаровна – ағылшын тілі мұғалімі, «№7 К.Ушинский атындағы орта мектебі»;

– Нұржаубай Гауһар Досымбековна – мектепалды даярлық тәрбиешісі,  «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі»;

– Елена Ким – бастауыш сынып мұғалімі, ғылыми қызметкер, «Қ.Қасымов атындағы №28 АТ мектеп-лицейі»;

– Тарабанова Надежда Александровна – ағылшын тілі мұғалімі, Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Семинарда мектепті басқару жүйесін салыстырмалы талдау, білім беру саласындағы заманауи трендтердің мектепті басқаруға әсері, психологиялық аспектілерін даралау сынды мәселелер қаралды. Қатысушылар, сонымен қатар, практикалық тапсырмаларды орындады: SWOT талдау, Венн диаграммасын құру, жағдаяттарды шешу және т.б.

   Семинар магистранттар мен докторанттарға ғылыми әлеуетін арттыруда үлкен қолдау болды.