Жоба

ЕО HORIZON-MSCA жобалары

2022 жылдан бастап І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Еуропалық Комиссиясы қаржыландыратын HORIZON-MSCA бағдарламасы бойынша екі халықаралық жобаға қатысуда.

Ақпан айының басында жобалардың үйлестірушісі Лунд университеті (Швеция) Медипол университетімен (Түркия) бірлесіп осы жобалар бойынша академиялық іс-шаралар ұйымдастырды, оған Жетісу университетінің қызметкерлері э.ғ.д., профессор Д.А. Қалдияров, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.К. Байгабатова, PhD, қауымдастырылған профессор Д. Нұрмұханқызы, КҒҚ Ә.Б. Қашағанова белсенді қатысты.

2024 жылдың 1-2 ақпаны аралығында Стамбулда «Central Asian Law: Legal Cultures and Business Environments in Central Asia» https://www.centralasianlaw.lu.se/cal-project халықаралық жобасының қорытынды конференциясы өтті. Н.К. Байгабатова мен Д.Нұрмұханқызы жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытынды нәтижелері бойынша баяндамалар жасады. Ғылымим жұмыстары әлемнің жетекші Palgrave Macmillan және Routledge баспаларында жарияланады.

Сонымен қатар, 3-6 ақпан аралығында «MOCCA: Multilevel Orders of Corruption in Central Asia» https://www.mocca.lu.se/ жобасы бойынша әдістемелік семинар өтті. Аталған семинар аясында Д. Нұрмұханқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстандағы заңнаманы бағалау және сараптау» тақырыбында оқыту тренингін өткізді. Жалпы семинар жұмысына Еуропа мен Азиядан 100-ге жуық ғалым қатысты.

Осы ғылыми іс-шараларға қатысу өте пайдалы болды, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынуға, әртүрлі елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасуға, өз жұмысы бойынша кері байланыс алуға және жобалар бойынша одан әрі жұмыстарды жалғастыру мақсатында кәсіби байланыстар желісін кеңейтуге мүмкіндік берді.