Дәріс

05.02-24.02.2024 Ж. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білім беру бағдарламаларының сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Чжэцзян университетінің, Философия ғылымдарының докторы(PhD), Rustam Shadiev Narzikulovich «Database Application Design Basics» пәні бойынша 6В06102–Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының бакалавры студенттеріне дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Ақпараттық технологиялар саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу, мәліметтер базасымен жұмыс жасау бойынша теориялық және практикалық білім береді. Студенттер шағын ғылыми жобаларды орындайды, бағдарламалық тілдермен жұмыс істелді. Студенттер әртүрлі интерактивті әдістерді қолдана отырып өткізілетін дәрістер мен практикалық сабақтарды қызығушылықпен талқылайды.