6В01601-Тарих білім беру бағдарламасы ТҚ 311 білімгерлерінің педагогикалық іс-тәжірибе есебі

2023-2024 оқу жылының 08.01.-17.02. аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әлеуметтік-гуманиарлық бағыт бойынша ББ 6В01601- «Тарих» білім беру бағдарламасының  3 курс білімгерлері оқу жоспарына сәйкес педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибе барысында білімгерлер өздері сабақтар жүргізіп, тәрбие сағатын өткізді және тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысты. Қорытынды конференцияда білімгерлер есеп берді.