«Developing learning skills of English language: ICT competence»

2024 жылғы 20 ақпанда «Шетел тілдері және аударма ісі» ББ жетекшісі Жабыкбаева Динара Маратовна, оқытушы-дәріскер Тұрабай Гүлдана Келісқызы және оқытушы-ассистент Омарбекова Гульжан Мұратқызы  «Developing learning skills of English language: ICT competence» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында ұйымдастырушылар білім беру бағдарламасының ПОҚ-мен шетел тілдерін оқытуда АКТ қолдану саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.

Семинардың мақсаты шет тілдерін оқытуда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, шетел тілдері сабақтарында АКТ-ның заманауи құралдарын қолдану арқылы шет тілдері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту болды. Семинар қорытындысы бойынша Шет тілдері және аударма ісі бойынша ББ ПОҚ-на белсенді қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.