«Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру» атты ғылыми-әдістемелік семинар

04.03.2024ж.  Педагогика және психология жоғары мектебі, Арнайы педагогика ББ ұйымдастыруымен «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинар мақсаты:

  • Арнайы педагогтар мен психологтардың кәсіби құзыреттілігінің инновациялық әлеуетін арттыру
  • Арнайы педагогтардың шығармашыл іс-тәжірибелерімен алмасу
  • Педагогикалық практика өту кезінде білім алушыларға әдістемелік қолдау көрсету
  •    Бакалавриат, магистратура білім алушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру.

 Семинар тыңдаушылары: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Педагогика және психология», «Арнайы педагогика» мамандықтарының 2, 3, 4 курс білім алушылары. Ғылыми- әдістемелік семинарда арнайы педагогтың, логопедтің, педагог-психологтардың жұмысында қолданылатын қазіргі инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімді  әдіс-тәсілдері практика жүзінде көрсетілді. Семинарға белсенді қатысқаны үшін №8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің арнайы мамандары Н. Ашимбаева, Ж. Джаңбырбаева, М. Кылышбаева,  К. Рева, Г. Мамырбай  және «Талдықорған қаласының облыстық №1 «балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» КММ мамандары Ж. Кокумбаева, Р. Омарова, М. Байболатова   басқарма-төрағасы ректордың м.у.а. Б. Таубаевтың алғыс хатымен марапатталды.