«Шабыт» еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің «Дизайн»,«Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламаларының білімгерлерінен құрылған «Шабыт» еріктілер тобы қаламыздағы «облыстық мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі кішкентай бүлдіршіндерімізбен түрлі конкурстар және ойындар ойнатып көңілдерін көтере отырып, естен кетпес кеш сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз алғыстарын білдірді.