«ZHETYSU-STARTUP»

2024 жылдың 12 наурызында «ZHETYSU-STARTUP» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде университет студенттерінің үлкен жетістіктері атап өтілді. Педагогика және психология жоғары мектебі де инновациялық жобаларды жасауға өз шеберліктерін қосқан дарынды қатысушыларын бағалайды.

Байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды:

1. Нұркелді Шұғыла, Бқ 411 (жетекшісі Аңсабаева Айнұр Дүйсенқызы);

2. Тоқтасынова Балжан, Серікбек Сандуғаш, БПҚ 121 (жетекшісі Қыстаубаева Ботагөз Қыстаубайқызы);

3. Нұрдәулет Аяулым, Нұрсейітова Ардақ, МДқ-121 (жетекшісі Тажинова Гүлнар Амангелдіқызы);

4. Берікова Айым, Аманғажиева Гүлім, Жәнібекова Зере, Сұлтан Арианна, АПҚ 411 (жетекшісі Мұстафа Фариза Болатханқызы)

Есімбекова Асылжан Омарқызының жетекшілігімен «ProResearchLab» жобасының мүшелері Милена Ледомская, НР 311 және Назарбаев Университетінің 2 курс студенті  Әлихан Тәңірбергенді бірінші орын алғандарымен ерекше құттықтаймыз!

Бұл дарынды байқау қатысушылары –  бәріміз үшін шабыт! Сіздердің  жетістіктеріңіз тек сіздердікі ғана емес, біздің ортақ табысымыз! Сіздерді лайықты жеңістеріңізбен құттықтаймыз және инновациялық болашақ жолында бұдан да үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!