2024 жылдың 12 наурызында «ZHETYSU-STARTUP» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде университет студенттерінің үлкен жетістіктері атап өтілді. Педагогика және психология жоғары мектебі де инновациялық жобаларды жасауға өз шеберліктерін қосқан дарынды қатысушыларын бағалайды.
Байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды:
1. Нұркелді Шұғыла, Бқ 411 (жетекшісі Аңсабаева Айнұр Дүйсенқызы);
2. Тоқтасынова Балжан, Серікбек Сандуғаш, БПҚ 121 (жетекшісі Қыстаубаева Ботагөз Қыстаубайқызы);
3. Нұрдәулет Аяулым, Нұрсейітова Ардақ, МДқ-121 (жетекшісі Тажинова Гүлнар Амангелдіқызы);
4. Берікова Айым, Аманғажиева Гүлім, Жәнібекова Зере, Сұлтан Арианна, АПҚ 411 (жетекшісі Мұстафа Фариза Болатханқызы)
Есімбекова Асылжан Омарқызының жетекшілігімен «ProResearchLab» жобасының мүшелері Милена Ледомская, НР 311 және Назарбаев Университетінің 2 курс студенті Әлихан Тәңірбергенді бірінші орын алғандарымен ерекше құттықтаймыз!
Бұл дарынды байқау қатысушылары — бәріміз үшін шабыт! Сіздердің жетістіктеріңіз тек сіздердікі ғана емес, біздің ортақ табысымыз! Сіздерді лайықты жеңістеріңізбен құттықтаймыз және инновациялық болашақ жолында бұдан да үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!