Жаратылыстану жоғары мектебінің, 6В01500-География БББ студенттері жаңа форматтағы «Наурызнама» онкүндігі бағдарламасының бірінші күніне сәйкес:14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі іс-шарасын өткізді. Дәстүр бойынша бұл күн туған-туыстарға, жасы үлкен кісілерге, құда-жекжатқа, көршілерге, және т.б. сәлем беретін, көрісетін, қонақ күтетін күн.
Халқымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігі сан түрлі салт-дәстүрлерге, отбасылық, тұрмыстық әдет-ғұрыптарға толы болған. Осының бәрі Ел бірлігіне негізделіп, рухани өмірде көрініс тауып, ұлттық тәрбиемізді қалыптастырған. География білімгерлері, ұлтымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі «Құдалық тойы» қойылымын ұйымдастырды. Қойылымның мән-мағынасы қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын, әдіт-ғұрпы мен қоғамдық құндылықтарын айшықтайды.