Наурызнама онкүндігі аясында көрісу күні – амал мерекесі өткізілді

Жаратылыстану жоғары мектебінің, 6В01500-География БББ студенттері жаңа форматтағы «Наурызнама» онкүндігі бағдарламасының бірінші күніне сәйкес:14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі іс-шарасын өткізді. Дәстүр бойынша бұл күн туған-туыстарға, жасы үлкен кісілерге, құда-жекжатқа, көршілерге,  және т.б. сәлем беретін, көрісетін, қонақ күтетін күн.
Халқымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігі сан түрлі салт-дәстүрлерге, отбасылық, тұрмыстық әдет-ғұрыптарға толы болған.  Осының бәрі  Ел бірлігіне негізделіп, рухани өмірде көрініс тауып,  ұлттық тәрбиемізді қалыптастырған. География білімгерлері,  ұлтымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі «Құдалық тойы» қойылымын ұйымдастырды. Қойылымның мән-мағынасы қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын, әдіт-ғұрпы мен қоғамдық құндылықтарын айшықтайды.