Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2024 жылдың 16 наурызында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына арналған «АЛТЫН ТҮЛЕК» атты облыстық олимпиадасы барысында оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Жетісу облысы бойынша 83 оқушы қатысып, университетіміз туралы имидждік үлестірме материалдары ұсынылды. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты дарынды, талантты оқушыларды оқуға шақыру.

Сондай-ақ, іс-шарада білім беру бағдарламалары туралы таныстырылым көрсетіліп, университетіміз жайлы бейнероликтерді көрсету арқылы оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Белсенді 1-4 курс студенттері өздерінің Жоғары мектептері бойынша ақпарат беріп, мамандықтарымен қызықтыра білді. ЖОО туралы, білім беру бағдарламалары т.б. сұрақтардан құралған сұрақ-жауап ойын ұйымдастыру барысында оқушыларға сыйлықтар таратылды.

Алдағы уақытта оқушыларға ҰБТ сәтті өтіп, өздерінің таңдаған маман иесі болуларына жылы лебізімізді білдіреміз.