«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»  атты  іс-шара болып өтті.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, педагогика және психология жоғары мектебінің «Қызғалдақ» қыздар клубының 15 жыл толуына байланысты   «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»  атты  іс-шара болып  өтті.

Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру бағдарламасында өткен іс-шарада «Қызғалдақ» қыздар клубының алғашқы күнінен бастап жұмысын жүргізуге ат салысып тәжірибесімен бөлісіп жүрген ардагер ұстаздар  Борибекова Фарзана Борибековна, Наубаева Хапиза Танирбергеновна, Ибрагимова Қарлығаш Карбозовна,  Таубалдиева Жанна Шамкеновна, Бакраденова Алтын Бакраденова, Батыргалиева Абзел Срайловналар және педагогика және психология жоғары мектебінің профессор-оқытушылық құрамы қатысты. 6В01301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі және 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларының студенттерімен оқыту және тәрбиелеу әістемелері білім беру бағдарламасының докторанты, оқытушы-дәріскер Таурбекова Айнур Сапашовна ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара «Ару ғұмыр» композициясымен басталып «Дені саудың жаны сау», «Әжемнің әңгімесі», «Ұлттық құндылық», «Қыздардың киім киюі мен шаш кою өнері» атты тақырыптарда талқылаулар жасалады. Кеште медицина қызметкері Байзакова Алия Муратбековна вирустың алдын алу жолдарына арналған кеңестер берді, «Әже әңгімесінде» ырымдар мен тыйымдар жайлы әже образында Майлыбаева Гульмира Сабыровна тәрбиелік маңызды сұрақтарға жауап берсе, ұлттық құндылық тақырыбында қозғалған пікірге Ыбыраимжанов Қалибек Тұрдыгазиевич өз ойымен бөлісіп  Педагогика және психолгия жоғары мектеп студенттеріне жоба аясында жарыққа шыққан «Бастауыш білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар» атты оқу құралын сыйға тартты. Ал топ кураторлары Қыстаубаева Ботагөз Қыстаубаевна мен Мухашева Меруерт Бауржановналар  сән өнері, шаш күтімі жайлы студенттермен әңгіме жүргізіп, білімгерлер өз өнерлерін көрсетті.

«Қызғалдақ» қыздар клубының алғашқы қарлығаштары бүгінде бір-бір маман иесіболған, солардың бірі — Қабанбаева Лаззаттың құттықтауын тыңдадық.

Қызғалдақ қыздар клубының негізін қалаған, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Борибекова Фарзана Борибековна. Осынау 15 жылдың ішінде арнайы жоспарға сәйкес азаматтық  сана-сезімді тәрбиелеуге, адамгершілік және этикалық, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған көптеген  іс-шаралар өткізілген.