Ғылыми семинар

Құқық және экономика жоғары мектебінде ғылым айы аясында «Білім берудегі жасанды интеллектті интеграциялау: ғылыми тәсілдер және даму перспективалары» атты ғылыми семинар өтті.

Семинардың мақсаты: оқытудың тиімділігін арттыру және оқу тәжірибесін жетілдіру үшін жасанды интеллектті қолдану, білім беру үдерісінде интеграцияны дамытудың ғылыми тәсілдері мен перспективаларын зерделеу және талқылау.

Спикер: PhD докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Нұрмуханқызы Дания.

Семинар барысында білім беруде жасанды интеллектті пайдаланудың маңыздылығы мен әлеуеті айтылды. Ғылымды зерттеуге, этикалық мәселелерді талқылауға және инновациялық, тиімді және этикалық білім беру ортасын құру үшін ғалымдар, оқытушылар және басқа да мүдделі тараптар арасындағы белсенді ынтымақтастыққа шақырды.