Ғылым айын мерекелеу аясында 2024 жылғы 5 сәуірде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Jas galym» және «Zhetysu startup» байқауларының нәтижелері бойынша жас ғалымдардың көрмесі өтті.
Көрмеге 100-ден астам адам қатысты: шақырылған қонақтар, шетелдік және отандық ғалымдар, университет қызметкерлері мен білім алушылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері. Көрмеде «Jas galym» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың және «Zhetysu startup» инновациялық идеялар мен бизнес жобалар конкурсының нәтижелері ұсынылды.
«Jas galym» байқауының жеңімпаздары робототехника бойынша ғылыми жобалардың нәтижелерін ұсынды – Ибраимов Анет, Ахметов Жалғас, Туктубаев Бауыржан; IT бағыты бойынша – Сағындықова Шынар, Оразбаева Әсел, Әуелбек Мұрат, Сапарова Ажар. Абдулаева Әйгерім «Физика бойынша зертханалық жұмыстар» стендтерін және «ЖАОК құру» жобасының нәтижелерін таныстырды. Камбарова Айгерим биоқалдықтарды өңдеу технологиясы бойынша үй құстарына, балықтарға арналған азық өндіру жобасын көрсетті. Жадыра Сағыман Жетісу өңірінің жергілікті отбасыларында дәстүрлі әдіспен ашытылған айраннан сүт қышқылы бактерияларын бөліп алуға және олардың сипаттамаларын анықтауға бағытталған жобасы ұсынды.
Сондай-ақ, «ZHETYSU STARTUP» инновациялық идеялар мен бизнес-жобалар байқауының жеңімпаздары өз жобаларын ұсынды: Рахым Асқар Амангелдіұлы, Қабылай Рана, Кеңесбай Нұрсәуле, Жидебай Жақсылық, Бейсенбеков Ерік Бақдәулетұлы «Gallus» Kazaukana қара тауығының жаңа тұқымын өсіруге бағытталған, жақсартылған сипаттамалары бар: күшті иммунитет және жоғары өнімділік беретін жобасымен таныстырды. Ледомская Милена, Тәңірберген Әлихан, Есімбекова Асылжан Омарқызы Қазақстанда баламасы жоқ жасанды интеллект технологиясымен «Pro Research Lab» студенттерінің зерттеу дағдыларын арттыруға арналған қосымшаның жобасымен таныстырды; Омархан Мейрамбек, Байбол Жанбол, Данабек Даниал, Әсетхан Алмаз, Қонысбекова Мақпал Рымқұлқызы шунгиттен бұйымдар өндіру бойынша «EcoPODS» жобасының нәтижелерін көрсетті; Балтабаева Аружан, Смағұлова Лаура көпшіліктің назарына «IWIS» мобильдік қосымшасын ұсынды; Азаматұлы Мұхамеджан, Ибраимов Анет Советұлы «Scout» барлау-іздестіру роботы»» жобасын; Сағындықова Рузана, Нұрберген Ердана, Қуатбаева Дана Ерғазықызы күн батареясынан қоректену мүмкіндігі және едені жылы «Ақылды киіз үйдің» макетін; Бейсенбеков Ерік Бақдәулетұлы «Yngai өзіңе қайта сен» жобасын; Абузяров Д.Р., Дидичина Р.Ю., Петручик Д.А., Сеитова Гульдана Аманжоловна «Экобионова» түйіршікті органикалық тыңайтқыш өнімін ұсынды.
Іс-шара қонақтары көрмеге қатысушыларды үлкен қызығушылықпен тыңдап, жобалардың дайындығы мен өзіндік ерекшелігінің жоғары деңгейін атап өтті.
Көрмеге қатысушыларға ғылыми қызметте одан әрі биіктер тілейміз!