Мен полиглотпын

«Мен полиглотпын» интелектуалды сайысы

28.03.2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі, Шетел тілдері және аударма ісі бойынша ББ оқытушыларының ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтың 130 жылдығына арналған «Мен полиглотпын» атты студенттер арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Зияткерлік ойынның негізгі мақсаты-студенттердің ұйымдастырушылық, ізденпаздық қабілеттерін дамыту, шетел тілдеріне деген қызығушылығын арттыру. Байқау 5 кезеңді қамтыды: 1 кезең «Визит карточкасы», 2 кезең «Бәйге», 3 кезең «Жорға», 4 кезең «Дода», 5 кезең «Капитандар сайысы». Байқауға ағылшын-неміс, ағылшын-корей, ағылшын-түрік, ағылшын-қытай топтары қатысты. Ағылшын-түрік тобының студенттері 1-ші, ағылшын-қытай тобы 2-ші, ағылшын-корей, ағылшын-неміс топтары 3-ші орынға ие болды. Жүлделі орындарға ие болған студенттерді Шетел тілдері және аударма ісі бойынша  ББ жетекшісі Жабыкбаева Динара Маратовна грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады.