Ашық есік күні

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  Жаратылыстану, Техникалық ғылымдар, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде 2024 жылғы 19 сәуір күні Жетісу облысының жалпы білім беру ұйымдарын бітіруші түлектерге «Ашық есік күні» өткізілді. Жиын университеттің №2 оқу ғимаратында өтіп, 200-ге жуық оқушы қатысты.

Талапкерлерге жоғарғы оқу орны жайлы толық мағлұмат беру, мамандықты дұрыс таңдауда кәсіби көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Ашық есік күнінде қатысушылар университет жүйесімен кеңінен танысты. Іс-шара барысында көрме ұйымдастырылып, оқушыларға имидждік өнімдер таратылды. Сондай-ақ, IT орталығы, Робототехника және мехатроника, Электроника және радиоэлектроника зертханасы, Оптика, атом және атом ядросы физикасы зертханасы, Химия, Биология мониторинг зертханасы, жаттығу залы, бокс залы, әскери кафедра, университет бассейні мен арнайы оқу залдарында т.б. әр мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай зертханаларында болды.

Таныстырылым кезінде университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалар, жастарға арналған мүмкіндіктер туралы мәлімет берілді.

Жалпы, 16-19 сәуір күндері аралығында жүргізілген Ашық есік күніне 700-ге жуық оқушы қатысып, оқушылар университетпен жақын танысып, жаңа көзқарас қалыптастырды.