
«Олжас Сүлейменов – табиғатынан лингвист, білімі бойынша инженер-геолог, ал ақындық оған құдайдың сыйы!» (Л. Мартынов).
21 сәуірде А. Айымбетов атындағы акт залында О.О. Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Аз и Я» перформансы өтті. Іс-шараны «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2–3 курс студенттері мен оқытушылары ұйымдастырды. Бас режиссер, қоюшы және сценарист рөлін кафедраның қауымдастырылған профессоры Ауелбекова Б.А. атқарды.
Іс-шара барысында белгілі қазақ ақыны, жазушысы, дипломаты, қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметіне қатысты бейнематериалдар көрсетілді; «Жер, адамға тағзым ет!» поэмасынан және әр жылдардағы өлеңдерінен үзінділер оқылды. Ерекше назар славян және түркі көне жазба ескерткіштеріне арналған, қоғамда үлкен резонанс туғызған әрі тыйым салынған «Аз и Я» кітабына аударылды.
Бұл іс-шара О.О. Сүлейменов шығармашылығының тек қазақстандық оқырманды ғана емес, әлемдік қауымдастықты да әлі күнге дейін қызықтыратынын көрсетті.

