Өндірістік-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне өндірістік-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді.

Аталған конференция педагогикалық практика кезеңін қорытындылау, білімгерлердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау және тәжірибе нәтижелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараптау мақсатында ұйымдастырылды. Магистратураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін талапкерлерді тарту мақсатында 2025-2026 оқу жылында оқуын аяқтайтын түлектермен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Конференция барысында студенттер практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстарының нәтижелерін таныстырды.