Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне өндірістік-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді.
Аталған конференция педагогикалық практика кезеңін қорытындылау, білімгерлердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау және тәжірибе нәтижелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараптау мақсатында ұйымдастырылды.
Конференция барысында студенттер практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Магистратураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін талапкерлерді тарту мақсатында 2025-2026 оқу жылында оқуын аяқтайтын түлектермен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

