Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне өндірістік-педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өтті. Аталған конференция студенттердің практика барысында жинақтаған тәжірибесін саралап, кәсіби дағдыларын көрсетуге бағытталды. Іс-шара барысында студенттер мектептерде өткізген сабақтары, тәрбие жұмыстары және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттері жөнінде баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияға қатысқан оқытушылар мен жетекшілер студенттердің жұмыстарына талдау жасап, әдістемелік тұрғыдан ұсыныстар берді. Сонымен қатар, үздік тәжірибелер атап өтіліп, болашақ музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдары талқыланды. Магистратураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін талапкерлерді тарту мақсатында 2025-2026 оқу жылында оқуын аяқтайтын түлектермен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
