











І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Талдықорған қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері 1-курс студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шара «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кездесуді Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жүргізді.
Профилактикалық кездесуге Талдықорған қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Мырзаханов және полиция майоры Арнұр Макашев қатысты.
Талдықорған қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Мырзаханов жасөспірімдер мен 18–20 жас аралығындағы жастар арасында Талдықорған қаласында 30-дан астам қылмыстық іс тіркелгенін атап өтті. Осыған байланысты ол жастарды құқық бұзушылыққа бармауға, заң талаптарын сақтауға және күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырды.
Сонымен қатар Ғалымжан Мырзаханов «закладка» тәсілі арқылы есірткі заттарын таратудың ауыр зардаптары туралы айтты. Студенттерге бейтаныс адамдардың күмәнді ұсыныстарына ермеу және заңсыз әрекеттерге қатыспау қажеттігі ескертілді.
Өз кезегінде полиция майоры Арнұр Макашев дропперлік ұғымы, оның зиянды салдары және интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары туралы ақпарат берді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

