











І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Әлеуметтік желілердегі этносаралық арандатушылық және оған қалай қарсы тұру керек» тақырыбында кеңейтілген сараптамалық отырыс өтті.
Жиынды Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жүргізіп, жастардың құқықтық мәдениеті мен медиасауаттылығын арттыру және киберкеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.
Сараптамалық отырыста «ҚХА кафедраларының «Шаңырақ» қауымдастығы» РҚБ төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Шаңырақ» ғылыми-білім беру орталығының директоры Наталья Калашникова, экс-сенатор, Журналистер клубының жетекшісі Алишер Сатвалдиев, саяси ғылымдар докторы Асем Кайдарова баяндама жасады.
Спикерлер әлеуметтік желілердегі этносаралық арандатушылықтың алдын алу, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау, ақпараттық сауаттылыққа көз жеткізу, қоғамдық келісім мен этносаралық өзара түсіністікті нығайту мәселелеріне тоқталды.
Қатысушыларға этносаралық қатынастар саласының негізгі түсініктері бойынша анықтамалық материалдар мен ақпараттық парақшалар таратылып, сауалнама жүргізілді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

