Год: 2026

Құттықтаймыз!

Жаратылыстану-техникалық факультетінің студенті Өсербай Диана (ғылыми жетекшісі: Ауелбек М.А., PhD) Астана қаласында өткен Республикалық «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жоғары нәтиже көрсетіп, «Үздік студент — 2026» төсбелгісіне ие болды. Диананы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылым мен білім жолында жаңа белестерді бағындырып, толағай табысқа жетуіне тілектеспіз! #SDG #ЦУР #ТДМ

«Арнайы пәндер» апталығы

«Zhansugurov college»-де дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Арнайы пәндер» апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың басты мақсаты – білім алушылардың кәсіби білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және әртүрлі мамандықтар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау. Ашылу рәсіміне колледждің әр мамандығында білім алып жатқан студенттер белсенді түрде қатысып, оқытушылардың жетекшілігімен дайындаған өнерлерін ортаға салды. Іс-шара барысында білімгерлер өз таланттарын көрсетіп, …

«Арнайы пәндер» апталығы Read More »

Құттықтаймыз!

Ақтау қаласында самбо күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Гаухар Қанатбек өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді. Гаухарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Дипломдық жұмыстың алдын-ала қорғау

14.04.2026 ж. Физика және математика кафедрасының 6В01503 – «Физика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Жанар Рая, Жаңбырбай Жанель, Байболат Бағлан және Төлепбергенова Қарақаттың дипломдық жұмыстарының алдын ала қорғауы өтті. Аталған іс-шараға кафедра меңгерушісі Сләмжанова С., оқытушы-дәріскерлер Абдулаева А.Б. және Куатбаева Д.Е. қатысты. Алдын ала қорғау барысында студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін, зерттеу …

Дипломдық жұмыстың алдын-ала қорғау Read More »

Автокөліксіз күн: Жетісу университетінің қызметкерлері жұмысқа велосипедпен келді

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында эко-челлендж ұйымдастырды. Акция аясында қызметкерлер жұмысқа жеке автокөліксіз, велосипедпен келді. Акцияның негізгі мақсаты – қалалардағы көлік кептелісін азайту, ауаның тазалығын сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің физикалық белсенділігін арттырып, жұмысқа велосипедпен келу мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға университеттің барлық факультет декандары, оқытушылар, құрылымдық бөлім басшылары мен қызметкерлері белсене …

Автокөліксіз күн: Жетісу университетінің қызметкерлері жұмысқа велосипедпен келді Read More »

Халықаралық конференция!

2026 жылғы 17 сәуірде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Teachers Teaching Teachers: Sharing What Works» атты халықаралық конференция өтеді. Іс-шара Гуманитарлық факультет Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп өткізіледі. Конференцияның мақсаты — шетел тілдерін оқытудағы тиімді әдістермен бөлісу, кәсіби тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді талқылау. 👩‍🏫 Қатысушылар: 📍 …

Халықаралық конференция! Read More »

“Жаңа Конституциялық өзгерістер: мәні мен маңызы”

📚 2026 жылдың 14 сәуір күні “Жаңа Конституциялық өзгерістер: мәні мен маңызы” тақырыбында оқытушы-дәріскер, педагогика ғылымдарының кандидаты А.Ж. Куракбаева Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттеріне дәріс өткізді. Дәріс барысында Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, олардың қоғамдағы маңызы мен рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі қағидалары кеңінен баяндалды. Мұндай тағылымды кездесулер …

“Жаңа Конституциялық өзгерістер: мәні мен маңызы” Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ақтау қаласында өткен жастар арасындағы самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Қанатбек Гаухар Дастанқызы жүлделі ІІ орын иеленді. 🥈 Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! 💪 Университетіміздің абыройын асқақтатып жүрген білімгерімізге толағай табыс, мықты денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз! …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

«Dragons’ Den» телебағдарламасы негізінде жобалық форматтағы ашық сабақ

2026 жылғы 10 сәуірде Құзіреттер мен қосымша білім беру орталығында ағылшын тілі курстары тыңдаушылары арасында британдық «Dragons’ Den» телебағдарламасына негізделген жобалық жұмыс форматында ашық сабақ өткізілді. Аталған жобалық жұмысқа көптілді білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан МПҚ-111, МПҚ-311, АСТддқ-111 және ССМҚ-111 топтарының білімгерлері белсенді түрде қатысты. Іс-шараға әділқазылар алқасы ретінде ағылшын тілі курсының түлектері …

«Dragons’ Den» телебағдарламасы негізінде жобалық форматтағы ашық сабақ Read More »

«AgriScience Futures 2026: Ауыл шаруашылығы ғылымындағы заманауи өзгерістер» халықаралық форсайт-конференция

Ғылым декадасы аясында Жаратылыстану-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен «AgriScience Futures 2026: Ауыл шаруашылығы ғылымындағы заманауи өзгерістер» атты халықаралық форсайт-конференция өтті. Форсайт-конференцияда Марке политехникалық университеті (Италия): Marco Fiorentini – доктор философии (PhD), «Precision Agriculture & AI for Agronomic Decision Support and Field Action» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, Спикерлер қатарында:• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті: Акмуллаева А.С.• Қазақ ұлттық …

«AgriScience Futures 2026: Ауыл шаруашылығы ғылымындағы заманауи өзгерістер» халықаралық форсайт-конференция Read More »