Год: 2026

Ғылыми семинар

2026 жылғы 10 сәуірде гуманитарлық факультеті, шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Токтанова Асель Керимовна «Филолог-студенттердің тілдік рефлексиясын дамытудағы “Танымдық әлеует” концепциясының рөлі» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Аталған семинардың негізгі мақсаты – филолог-студенттердің тілдік рефлексиясын дамытудағы танымдық әлеует ұғымының ғылыми-теориялық негіздерін айқындау және оның оқу үдерісіндегі тиімділігін талқылау болды. Семинардың мазмұндық өзегі «танымдық …

Ғылыми семинар Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2026 жылдың 08-13 сәуір күндері аралығында Павлодар қаласында пара үстел теннисінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Дәулет Ақат 🥇 І ОРЫН иеленді!Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Осындай жоғары жетістікке жеткеніңмен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Жансүгіров университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Аңсабаев Дүйсен Сандыбайұлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Бұл — ғалым-ұстаздың шығармашылық жолындағы айтулы белес, әдебиет пен руханиятқа қосқан сүбелі үлесінің лайықты бағалануы. Дүйсен Сандыбайұлы – ұлт сөз өнерінің қадір-қасиетін терең түсініп, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан …

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Read More »

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Жансүгіров университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, ф.ғ.к. С.Қ.Қожағұлов 2026 жылы 10 сәуір күні Семейдегі Шәкәрім университетінде өткен ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлының туғанына 110 жыл толуына орай өткен халықарарлық ғылыми -тәжірибелік конференцияда «Қайым Мұхаметханұлы және текстология ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбында пленарлық мәжілісте баяндама жасады. Сондай-ақ университет оқытушыларымен жас ғалымдарға …

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Read More »

Стартап байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026 жылғы 09 сәуірде Ғылым қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада «Zhetysu Startup – 2026» инновациялық идеялар конкурсы жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтті. Үздіктерге дипломдар, қаржылай сертификаттар мен бағалы сыйлықтарды Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев табыстады. Жүлде қоры – 1 000 000 теңгені құрады. Ағымдағы жылы байқау …

Стартап байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Read More »

Ғылым декадасы

Ғылым күніне орай Гуманитарлық факультетінің ғылым, білім және шығармашылық салаларында жоғары жетістіктерге жеткен профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Осы атаулы мерекеге орай факультетіміздің бірқатар оқытушылары мен білім алушылары әртүрлі деңгейдегі марапаттарға ие болып отыр. Атап айтқанда, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері …

Ғылым декадасы Read More »

Дзюдодан Ректор кубогы

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында дзюдодан Басқарма Төрағасы – Ректор кубогы үшін жарыс өтті. Бозкілем бәсекесіне университеттің төрт факультеті мен колледжінен құралған 5 команда қатысты. Дзюдошылар 60 кг, 66 кг, 73 кг, 81 кг, 90 кг, 100 кг және 100+ кг салмақ дәрежелері бойынша өзара сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық …

Дзюдодан Ректор кубогы Read More »

Ғылыми семинар

2026 жылы 8 сәуір күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткізіліп жатқан «Ғылым декадасы» аясында мәдени-әлеуметтік зерттеулер бағыты бойынша ғылыми семинар өтті. Семинардың спикері ретінде Карлов университетінің (Чехия) философия факультеті жанындағы Этнология және орталық-еуропалық және балкандық зерттеулер институтының өкілі Гүлжан Досжанова болды. Спикер антропология және этнология салаларында жинақтаған ғылыми тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылармен мазмұнды пікір алмасу …

Ғылыми семинар Read More »

Семинар

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Бараков «Жасанды интеллектті пайдалана отырып, пәннің құрылымы мен мазмұнын әзірлеу» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырып, заманауи білім беру үдерісіндегі инновациялық тәсілдерді таныстырды.

«Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері»

Физика-математика факультетінде 2026 жылғы 10 сәуірде Ғылым декадасы аясында «Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері» атты ғылыми семинар және «Science Battle: Ғалым болуға бір қадам» инновациялық және ғылыми идеялар хакатоны жеңімпаздарын және ғылыми жетекшілерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, олардың инновациялық ойлау қабілетін дамыту және ғылыми бастамаларын …

«Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері» Read More »