Білім беру бағдарламасы6В01601 Тарих
БББ мақсаты Tарих саласында білімі бар, инновациялық ғылыми білім беру ортасы туралы түсінігі бар, деңгейі жоғары түлғалық-кәсіби компетенцияларға ие жоғары білікті және бәсекеге қабілетті білім бакалаврын даярлау
БББ түріҚолданыстағы БББ
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  Бакалавр
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліҚазақ, орыс тілі
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті
2әрбиеленушілер мен оқушылардың жеке білім қажеттіліктерін, даму үрдістерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, орта білімді жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үрдісін болжайды, жоспарлайды және басқара алады, білім беру жүйесі мен педагогикалық ой-өрістің негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы ғылыми түсінік жүйесін қалыптастырылған
3арнаулы пәндер бойынша тірек терминдер мен түсініктерді біледі; археологиялық кезеңдер мен мәдениеттердің біршама маңызды және сипатты белгілерін ажырата алады; адамзат қоғамының алғашқы қауымдық қоғам кезеңіне өтудегі қозғаушы күштерді біледі, алғашқы қауымдық қоғамнан өркениетке өтудің ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсінеді; алған теориялық білімін іс-тәжірибеден өту барысында  қолдана алады
4адамзат тарихындағы этнодемографиялық фактордың рөлі мен маңызын түсінеді; мәдениетаралық коммуникацияларға қабілетті, білім алушыларда азаматтық бірегейлікті, патриотизмді, Қазақстанның көпұлтты халқының өткені мен шын мәнісін құрметтеуге тәрбиелеу үшін тарихи білімді пайдалана алады; әлемнің төзімді азаматы болып табылады
5өздері оқитын ҚТП мен деректердің ерекшеліктерін сипаттай алады; мұрағат және мұражайдың ғылыми-анықтамалық аппаратымен жұмыс істеу дағдысына өте қажет құжаттарды іздеуді жүзеге асыра алған білімдерін ғылыми-зерттеу және практикалық өмірде қолдана алды; (ҚТП, мұражайтану және мұрағат, мұражайтанулық іс-тәжірибе
6тарих ғылымының тарихы, негізгі мектептер мен тұжырымдамалар туралы, отандық тарихтың басымдылығы туралы, тарих ғылымының қоғам тарихымен байланысы туралы біледі, оқытылатын курстардың проблемалары бойынша неғұрлым маңызды ғылыми және қоғамдық пікірталастардың мәні туралы түсінікке ие
7Батыс және Шығыс өркениеттері мен мемлекеттерінің ежелгі дүние мен ортағасырлардағы тарихи дамуының себеп-салдарлық байланыстарын айқындайды; оқыған кезеңдегі мемлекеттердің саяси және әлеуметтік дамуының жалпы және сипатты белгілеріне салыстырмалы талдау жасайды; алған теориялық білімдері мен ағымдағы саяси оқиғалар негізінде ғылыми негізделген болжамдар келтіреді
8тарихи үрдіс пен кезеңдердің заңдылықтарын ескере отырып, тарихи құбылыстар мен фактілерді талдайды; тарихилық принципті қолдану арқылы қоғамдық құбылыстардың дамуында қарастырады; тарихи үрдіс пен қоғамды саяси ұйымдастырудағы адам мен мемлекеттің ролі мен орнын анықтайды; басқа жалпытеориялық және арнаулы пәндерді меңгеруде алған білімдерін қолданады, әртүрлі кезеңдердегі халықаралық қатынастар үрдістерін бағалайды; теориялық білімдерін кәсіби қызметте пайдалана алады
9оқытылатын курстардағы талас тудыратын проблемалар бойынша дискуссияға қатысушының ұстанымы мен дәлелдер жүйесін түсінуге, оны гуманистік идеалдар мен демократиялық құндылықтар негізінде бағалауға,  ғылыми тарихи білімге сүйене отырып, өзіндік ұстанымын қалыптастыруға қабілетті
10оқытылатын курстар бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс жасау дағдысын игерген; ақпараттың әртүрлі дереккөздерін пайдалана алатын және азаматтық позицияны негізге ала отырып, оларды өзектілік, ғылыми шынайылық пен объективтілік, мәселенің толықтығы мен тереңдігі тарапынан бағалай білу қабілеті
11қазіргі кездегі оқыту әдістері мен инновацияық технологияларды меңгерген, мектептік оқу жоспары мен бағдарламаларымен жұмыс жасау және талдау, тарих бойынша оқу материалының мазмұнын таңдау дағдыларын игерген; сабақ жоспарын құра алатын,оқушылардың қызығушылықтары мен қабілетіне қарай сабақтан тыс жұмыс атқара алатын; сыни ойлау және бағалау технологияларын қолдана алатын, білім беру қызметінде  АКТ саласындағы дайындығын пайдалана алады