Білім беру бағдарламасы01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі  
БББ мақсаты Білім беруді интернационалдандыру және жаһандану жағдайында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қабілетті, практикалық дағдылары жоғары рухани адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді бар бастауыш білім беру саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау
БББ түріҚолданыстағы
ҰБШ бойыншадеңгей7
СБШ бойыншадеңгей7
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 1 жыл
Кредиттердің көлемі 60
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1кәсіби ортада және жалпы қоғамда мемлекеттік және шет тілдерінде коммуникацияға қабілетті, кешенді педагогикалық қызметтің нәтижелерін көрсете және қорғай алады
2қоғамдық өмірде ғылым мен білім берудің рөлін, Қазақстан Республикасында және шетелде бастауыш білім беруді дамытудағы қазіргі заманғы үрдістерді талдайды, білім беру саласындағы инновациялық тәжірибені зерделейді, жинақтайды және таратады
3оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерттеудің тұжырымдамалық негіздерін, педагогикалық диагностика ерекшелігін және білім беру нәтижелерін сыни талдайды, бастауыш сынып оқушыларының диагностикасын ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті дағдылар мен іскерлікті қалыптастырады
4қойылған практикалық және зерттеу міндеттеріне сәйкес диагностикалық құралдарды таңдайды, білім беру сапасының мониторингісінің қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын қолданады, алынған нәтижелер негізінде оқушылардың одан әрі білім беру бағыттарын жобалайды
5білім алушының зияткерлік деңгейін жетілдіру және дамыту тәсілдері мен құралдарын меңгерген, қазіргі заманғы педагогика мен бастауыш білім берудің әдістерін, әдістемелерін, технологияларын қолданады
6өзіндік кәсіби және жеке даму міндеттерін жоспарлай және шеше алады, өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын жасай алады, материалдар мен дереккөздерді талдай алады, абстрактілі ойлау, талдау және синтездеу дағдыларын меңгерген
7бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру үшін қажетті іскерліктер мен дағдыларды меңгерген, курстардың білім беру бағдарламаларының оқу материалдарын, критериалды бағалау жүйесін және оны оқыту практикасына енгізу әдістемесін іс жүзінде пайдаланады
8педагогикалық зерттеу әдістемесін қолданады, зерттеу ұжымының жұмысын ұйымдастырады, зерттеу қызметінің алгоритмін біледі, ғылыми іздестіруді жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады, ғылыми деректерді өңдеу әдістерін қолданады
9теория мен практиканың жетістіктерін, оның ішінде бастауыш мектепте оқыту әдістемесін шығармашылықпен пайдаланады, озық тәжірибе мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу процесіне жинақтайды және енгізеді
10ғылыми-білім беру басқармасының заманауи үрдістерін талдайды, білім беру қызметінің психоло-педагогикалық мазмұнына бағдарланады, негізгі басқару функцияларын жүзеге асырады
11тәрбиелеу мен оқытудың тиімді түрлері мен әдістерін таңдау кезінде педагогикалық үдерістің заңдары, заңдылықтары, принциптері мен механизмдерін білуді қолданады, бақылау-бағалау қызметін орындайды
12балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, полимәдени орта жағдайында білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, бейімдеуді, іске асыруды жүзеге асырады, әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарға төзімділікті көрсетеді