Білім беру бағдарламасы01902 Арнайы педагогика
БББ мақсаты арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға бағытталған негізгі және арнайы құзыреттерге, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті оқытушыларды дайындау болып табылады
БББ түріҚолданыстағы
ҰБШ бойыншадеңгей7
СБШ бойыншадеңгей7
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 1 жыл
Кредиттердің көлемі 60
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1кәсіби қызмет шеңберінде іскерлік қарым-қатынасты шет тілінде жүзеге асырады; шет тілінде ақпаратты сыни қабылдау дағдыларына ие; шет тіліндегі түпнұсқалық көздерді пайдалану негізінде кәсіби білімді толықтыру тәсілдерін меңгерген
2іс жүзінде басқару қызметінің әртүрлі түрлерін қолданады; ұйым ресурстарын тиімді басқару дағдыларын меңгерген; нақты шешімдердің салдарын болжай отырып, ұйымдастырушылық даму және басқару саласындағы проблемаларды анықтайды, талдайды және шешеді
3ҚР және шет елдерде арнайы және инклюзивті білім беруді реттейтін заңдар мен нормативтік актілерге салыстырмалы талдау жүргізеді; заманауи әлемдік үрдістерді пайдалана отырып, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби қызмет нәтижелерін жобалайды, іске асырады және бағалайды
4мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін жоспарлайды, ұйымдастырады және іске асырады; білім беру процесі субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау технологияларын меңгерген; білім алушының даму ерекшеліктерін ескере отырып, оңалту техникасын қолданады
5этикалық нормалар, арнайы білім беруді ізгілендіру және саралау тұрғысынан кәсіби қызметте туындайтын проблемаларды бағалау және шешу әдіснамасын меңгерген; ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыны әлеуметтендіру процесін қамтамасыз етеді
6таңдалған мәселелер шеңберінде зерттеу бағдарламаларын жобалай алады; Арнайы білім беру саласындағы отандық және шетелдік зерттеулердің жетістіктерін зерделейді және жүйелейді; деректерді жинау, өңдеу және интерпретациялаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып, эксперименттік зерттеулерді жоспарлайды және жүргізеді
7арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы педагогикалық тәжірибені жинақтайды, өз бетінше білімін жаңартады; ғылыми-педагогикалық қызметті жетілдіру үшін кәсіби дағдылар мен іскерлікті кеңейтеді, абстрактілі ойлау, ғылыми талдау және синтездеу дағдыларын меңгерген
8білім беру және түзету-дамыту процесінің әдістемелік жабдықталуын талдайды және бағалайды; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі элементтерін әзірлейді
9мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктері мен динамикасын анықтау үшін мониторингтік қызметті жоспарлайды және жүзеге асырады; психологиялық-педагогикалық тексеру бағдарламасын әзірлейді; оқыту және даму нәтижелерін бағалаудың қазіргі заманғы құралдарын пайдалана отырып, білім алушылардың жетістіктерін болжайды
10білім беру тосқауылдарын бағалайды және жояды, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, бейімдеуді, іске асыруды жүзеге асырады; білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, кедергісіз білім беру ортасын құрады; балалардың жеке ерекшеліктеріне төзімділік танытады