Білім беру бағдарламасы7M01601 Тарих
БББ мақсаты    қазіргі дамушы әлемде кәсіби ұтқырлыққа кепілдік беретін іргелі білімге ие, жоғары кәсіби, бәсекеге қабілетті, ғылыми-педагогикалық және әкімшілік-басқару кадрларын даярлау.
БББ түріҚолданыстағы БББ
ҰБШ бойынша деңгей7
СБШ бойынша деңгей7
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  Магистр
Оқыту мерзімі 2
Кредиттердің көлемі 120
Оқыту тіліОрыс, қазақ, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекіту күні07.04.2021 (хаттама № 4)
                             Оқытудың нәтижесі
1тарихи ғылым мен білімнің ролін анықтайды, білім беру және кәсіби қызметті жүзеге асыру дағдыларын меңгерген; білім беруде болжау, жоспарлау мен басқару әдістерін қолдана біледі
2Ғылыми-зерттеу жұмысын іске асырады; алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолданады; қазіргі заманғы ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді
3ғылыми зерттеулер әдістемесі саласында; жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық  қызметте компетентті; тарихи проблемалар бойынша зерттеулер жүргізеді; тарихтың негізгі теориялқ-әдістемелік проблемаларын анықтайды
4шетелдік және отандық тарихнамадағы жаңа бағыттарды талдайды; тарихтың өзекті мәселелерін анықтайды және талдай алады, оларды ғылыми зерттеулерде пайдаланады; практикалық қызметте теориялық білімді қолданады, өткеннің және бүгіннің оқиғаларына сыни тұрғыдан қарауды іске асырады
5қазақ мемлекеттілігінің алғышарттарын, оның дамуын, ілгерілеуі мен құлдырау  үрдісін дәлелдейді; Қазақ хандығы эволюциясындағы сыр бойы қалаларының қалаларының ролі мен маңызын анықтайды
6қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы туралы ойын білдіреді және қазақ интеллигенциясының отандық тарихтағы қоғамдық-саяси қызметінің олі мен орнын анықтайды, ХХ ғ.басындағы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың проблемаларын біледі
7басқа елдер мен халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін қабылдауға дайын, мәдениетаралық коммуникацияларға қабілетті; этнологияның негізгі теориялық-әдістемелік проблемаларын анықтайды; адамзат тарихындағы этнодемографиялық фактордың ролі мен мәнін біледі
8оқытылатын курстардың таласты мәселелері бойынша дискуссия қатысушысының келтірген дәлелдер жүйесі мен ұстанымын түсінуге қабілетті, оны гуманистік идеалдар мен демократиялық құндылықтар тұрғысынан бағалайды, тарихи ғылыми білімге сүйене отырып өзіндік позицияны қалыптастырады
9оқытылатын курстар бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс жасайды, ақпараттың әртүрлі дереккөздерін пайдаланады, оларды өзектілік, ғылыми шынайылық пен объективтілік және мәселені қарастырудағы тереңдік мен толықтылық тұрғысынан бағалайды, ақпараттың дереккөздерін терең әрі ғылыми тұрғыдан объективті талдауға негізделген белгілі бір мәселеге қатысты өзіндік пікірі бар
10арнайы пәндер бойынша басты терминдер мен түсініктерді меңгергені; тарихтың анағұрлым маңызды және өзекті проблемаларын анықтай алады; мемлекеттің, тарихи ойдың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын біледі; іс-тәжірибеден өту барысында ғылыми зертеулердің нәтижелерін талдай біледі; мұрағаттар мен мұражайлардың ғылыми- анықтамалық аппаратымен жұмыс жасау дағдыларын меңгерген
11тарихи құбылыстар мен фактілерді  тарихи үрдістер мен кезеңдердің заңдылықтарын ескере отырып талдайды; тарихилық принципін қолдана отырып, дамудың қоғамдық құбылыстарын қарастырады; тарихи үрдістегі, қоғамның саяси ұйымындағы адам мен мемлекеттің ролі және орнын анықтайды
12Мемлекеттік және қоғамдық жүйелер тарихы мен әлеуметтік және рухани құрылымдар тарихындағы біздің мемлекеттің және шетелдік елдердің дамуын өз бетімен жан-жақты талдайды; тарихи үрдістің қозғаушы күштері мен заңдылықтарын сипаттайды; әртүрлі кезеңдердегі халықаралық қатынастар үрдістерін бағалайды; кәсіби қызметте теориялық білімді қолдана біледі