№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | тарихи ғылым мен білімнің ролін анықтайды, білім беру және кәсіби қызметті жүзеге асыру дағдыларын меңгерген; білім беруде болжау, жоспарлау мен басқару әдістерін қолдана біледі |
2 | Ғылыми-зерттеу жұмысын іске асырады; алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолданады; қазіргі заманғы ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді |
3 | ғылыми зерттеулер әдістемесі саласында; жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметте компетентті; тарихи проблемалар бойынша зерттеулер жүргізеді; тарихтың негізгі теориялқ-әдістемелік проблемаларын анықтайды |
4 | шетелдік және отандық тарихнамадағы жаңа бағыттарды талдайды; тарихтың өзекті мәселелерін анықтайды және талдай алады, оларды ғылыми зерттеулерде пайдаланады; практикалық қызметте теориялық білімді қолданады, өткеннің және бүгіннің оқиғаларына сыни тұрғыдан қарауды іске асырады |
5 | қазақ мемлекеттілігінің алғышарттарын, оның дамуын, ілгерілеуі мен құлдырау үрдісін дәлелдейді; Қазақ хандығы эволюциясындағы сыр бойы қалаларының қалаларының ролі мен маңызын анықтайды |
6 | қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы туралы ойын білдіреді және қазақ интеллигенциясының отандық тарихтағы қоғамдық-саяси қызметінің олі мен орнын анықтайды, ХХ ғ.басындағы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың проблемаларын біледі |
7 | басқа елдер мен халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін қабылдауға дайын, мәдениетаралық коммуникацияларға қабілетті; этнологияның негізгі теориялық-әдістемелік проблемаларын анықтайды; адамзат тарихындағы этнодемографиялық фактордың ролі мен мәнін біледі |
8 | оқытылатын курстардың таласты мәселелері бойынша дискуссия қатысушысының келтірген дәлелдер жүйесі мен ұстанымын түсінуге қабілетті, оны гуманистік идеалдар мен демократиялық құндылықтар тұрғысынан бағалайды, тарихи ғылыми білімге сүйене отырып өзіндік позицияны қалыптастырады |
9 | оқытылатын курстар бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс жасайды, ақпараттың әртүрлі дереккөздерін пайдаланады, оларды өзектілік, ғылыми шынайылық пен объективтілік және мәселені қарастырудағы тереңдік мен толықтылық тұрғысынан бағалайды, ақпараттың дереккөздерін терең әрі ғылыми тұрғыдан объективті талдауға негізделген белгілі бір мәселеге қатысты өзіндік пікірі бар |
10 | арнайы пәндер бойынша басты терминдер мен түсініктерді меңгергені; тарихтың анағұрлым маңызды және өзекті проблемаларын анықтай алады; мемлекеттің, тарихи ойдың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын біледі; іс-тәжірибеден өту барысында ғылыми зертеулердің нәтижелерін талдай біледі; мұрағаттар мен мұражайлардың ғылыми- анықтамалық аппаратымен жұмыс жасау дағдыларын меңгерген |
11 | тарихи құбылыстар мен фактілерді тарихи үрдістер мен кезеңдердің заңдылықтарын ескере отырып талдайды; тарихилық принципін қолдана отырып, дамудың қоғамдық құбылыстарын қарастырады; тарихи үрдістегі, қоғамның саяси ұйымындағы адам мен мемлекеттің ролі және орнын анықтайды |
12 | Мемлекеттік және қоғамдық жүйелер тарихы мен әлеуметтік және рухани құрылымдар тарихындағы біздің мемлекеттің және шетелдік елдердің дамуын өз бетімен жан-жақты талдайды; тарихи үрдістің қозғаушы күштері мен заңдылықтарын сипаттайды; әртүрлі кезеңдердегі халықаралық қатынастар үрдістерін бағалайды; кәсіби қызметте теориялық білімді қолдана біледі |