Академиялық ұтқырлық бойынша шетелде білім алу

23 ақпан күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Нуретова Алуа 2 курс студенттеріне университеттегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ақпаратпен таныстырды. Өзі барып келген Турция мемлекеті, Нийде қаласындағы Омер Халисдемир университетіндегі білімі туралы, шетелдік студенттер арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзі үшін ашылған жаңа мүмкіндіктер туралы айтып, студенттердің қызығушылықтарын арттыра білді.